Берлин-Хеми Қазақстан

Берлин-Хеми Қазақстан

Берлин-Хеми/Менарини Қазақстан (Berlin-Chemie/Menarini Kazakhstan) Германияның, Шығыс Еуропаның, ТМД елдерінің, нақты айтқанда, Қазақстанның нарығында белсенді жұмысын жүргізудегі Менарини Тобы (Menarini Group) деп аталатын Италиядағы жетекші фармацевтикалық бірлестіктің өкілі болып табылады.

Менарини Тобы (Menarini Group) фармацевтикалық бірлестігі жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу бойынша, сондай-ақ заманауи ғылыми жетістіктер туралы ақпарат беру бойынша сенімді әріптес ретіндегі мінсіз беделге ие.

Менарини Тобының (Menarini Group) екі негізгі стратегиялық мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар және нарықты интернационалдандыру болып табылады.

Топ өз мүмкіндіктері пайдаланылуымен әзірленген препараттардың қомақты жиынтығына және басқа фармацевтикалық компаниялармен сенімді әріптестік қарым-қатынастар қалыптастыру үшін жоғары әлеуетке ие.

Менарини Тобының (Menarini Group), соның ішінде Берлин-Хеми/Менарини (Berlin-Chemie/Menarini) компаниясының барлық препараттары GMP стандарттарына қатаң сәйкестікте өндіріледі.

«Берлин Хеми» АГ АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Қазақстанның нарығына өзінің тиімділігі мен жоғары сапасының арқасында кәсіпқойлардың арасында ғана емес, сондай-ақ тұтынушылар арасында жақсы белгілі әрі кең танымал рецептсіз және рецептпен босатылатын препараттардың көптеген түрлерін ұсынады.

Берлин-Хеми/Менарини компаниясының препараттары ауру-сырқаулардың көптеген түрлерін емдеуге және алдын алуға арналған, сондықтан олар терапевттермен, кардиологтармен, эндокринологтармен, урологтармен, гастроэнтерологтармен және т.б. түрлі мамандармен кең қолданылуда.

Өкілдіктің қызметкерлері Қазақстан Республикасында түрлі конгресстер мен конференциялар ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, сондай жиындарға қатысқан қазақстандық мамандар түрлі сырқаттарды емдеудің жаңа әдістерімен танысуға, әріптестерімен өз тәжірибесімен және зерттеулерімен бөлісуге мүмкіндік алады.

«Берлин Хеми» АГ АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі сонымен бірге халықаралық конференцияларға Қазақстанның жетекші мамандары қатысуын ұйымдастыруда, соның арқасында қазақстандық ғалымдар мен дәрігерлер түрлі елдерден келген медициналық ғылым кемеңгерлерінен ең өзекті кәсіби ақпарат алуға, түрлі сырқаттарды емдеудегі өздерінің жетістіктері туралы айтып беруге мүмкіндік алады.


ІЗДЕУ