Өндіру

Өндіру

Жоғары сапалы дәрілік препараттарды өндіру

Берлин-Хеми компаниясы Менарини Тобының философиясына сәйкес жоғары сапалы дәрілік препараттардың өте озық және қауіпсіз өндірісіне кепілдік береді.

Berlin-Chemie AG компаниясының дәрілерді жасаудың көне дәстүрлері және тамаша оқудан өткен жоғары уәждемелі өндірістік тобы бар.

Біз қатты нысандағы дәрілерді (таблеткалар, қабықшамен қапталған таблеткалар, капсулалар), сұйықтықтарды (микстуралар мен тамшылар), суппозиторийлерді, сондай-ақ Берлиндегі Адлерсхоф және Бритц өндірістік алаңдарында инфузияға арналған ерітінділерді шығарамыз.

Бұл өндірістік қуаттылықтар өте жоғары технологиялық стандарттар бойынша толығымен жаңартылған және олар бізге сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілерді өндіруімізге кепілдік береді.

2000 жылы Адлерсхофта инфузияға арналған ерітінділерді шығару жөніндегі жаңа өндірістік бірлік пайдалануға енгізілді, ол жоғары стандарттарға сәйкес келеді. 2001 жылы ішуге арналған сұйықтықты шығаратын тағы бір жаңа бірлік пайдалануға енгізілді.

2003 жылғы сәуірде таблеткаларды, капсулаларды және қабықшамен қапталған таблеткаларды орауға арналған 11 өндірістік желісі бар жаңа өндірістік ғимарат ашылды.

Жылына 270 миллион дәрілер бумалары шығарылады, олар бүкіл әлем бойынша ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Өндірістік бөлімнің персоналы 339 адамды құрайды.

Сондай-ақ біз басқа фармацевтикалық компаниялардың өндірісте біздің ноу-хауды пайдалануына қолдау көрсетеміз. Егер сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыздар:

Тел.: (+49) 030-6707-2651
Факс: (+49) 030-6707-2119


ІЗДЕУ