Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

Инновациялар денсаулықты сақтауға қызмет етеді

Берлин-Хеми компаниясы Германияның фармацевтикалық ғылыми-зерттеу компаниялары қауымдастығының мүшесі бола отырып, инновациялық әзірлемелерді жасауға бағытталған. Біздің зерттеулердің мақсаты ауру адамдарға көмектесу үшін және олардың өмірінің неғұрлым жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу болып табылады.

Берлин-Хеми компаниясының зерттеулер және әзірлемелер бөлімшесі Менарини халықаралық зерттеу тобының бөлігі болып табылады. Нақ осы жерде жаңа белсенді заттардың химиялық-талдамалық әзірлемесі, дәрілік нысандарды фармацевтикалық әзірлеу және клиникалық зерттеулер өткізіледі.

Біздің зерттеулер келесі ауруларды емдеу үшін жаңа дәрілерді әзірлеуге бағытталған:

  • ауыру синдромы және ісіп қызару сипатындағы аурулар;
  • жүрек-тамыр аурулары
  • онкологиялық аурулар
  • вирустық аурулар

Дәрілік құралдарды әзірлеудің барлық негізгі кезеңдерін Берлин-Хеми компаниясының қызметкерлері бақылайды.


ІЗДЕУ