Фармацевтикалық нысандарды әзірлеу бөлімі

Дәріні жасау үшін толықтырғыштары бар белсенді заттың қисындасуы

«Galenik» (ағылшынша galenics) термині Клавдия Галена грек-рим дәрігерінің атынан шыққан. Дәрігер Марк Аврелий жүйелі, тиімді дәрілік құралдарды алды және сөйтіп осы заманғы медицинаның негізін қалады.

Берлин-Хеми компаниясының фармацевтикалық нысандарды әзірлеу бөлімінде қызметкерлер белсенді заттарды дайын дәрілік препараттарға әрі қарай өңдеумен байланысты зерттеулермен айналысады. Дәлірек айтқанда, мұнда:

  • таблеткалар мен лиофилизаттар сияқты қатты дәрілік препараттардың;
  • жақпа майлар мен кремдер сияқты жартылай қатты дәрілік препараттардың;
  • микустура және инъекцияға арналған ерітінділер сияқты сұйық дәрілердің формулалары жасалады

Содан кейін жаңа дәрілік препараттардың тұрақтылығы тексеріледі. Фармацевтикалық нысандарды әзірлеу бөлімі тиімділік пен қауіпсіздікті растайтын клиникалық сынақтар үшін барлық қажетті клиникалық үлгілерді жасайды.

Қазіргі кезде бөлімнің қызметкерлері Менарини Тобының 50-ден астам әралуан жобаларымен айналысады.

Олардың қол астында осы заманғы зертханалар мен таза бөлме технологиясы; жаңа өндірістік және орау жабдықтары бар, мұның өзі клиникалық үлгілердің күрделі жоғары технологиялы өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


ІЗДЕУ