Өндіріс және сапа кепілдігі
Жоғары сападағы заманауи дәрі-дәрмектер
өндірісі
МЕНАРИНИ Груп компаниясның философиясына сәйкес БЕРЛИН-ХЕМИ компаниясы дәрі-дәрмектерді өндірудегі онжылдық тәжірибесі арқасында және жоғары ынталы әрі керемет үйлескен білікті өндіріс тобының арқасында жоғары сапалы өте заманауи және қауіпсіз фармацевтикалық өндіріске кепілдік береді.
Берлин-Адлерсхоф, Берлин-Бритц және Калуга (Ресей) аймақтарындағы заманауи өндіріс орындарында қатты дәрілік пішімдер (таблеткалар, үлдірмен қапталған таблеткалар және қабықпен қапталған таблеткалар), сұйықтықтар (сироптар мен тамшылар) және суппозиторийлер шығарылады.
Өндіріс нысандары толықтай жаңартылып, ең жаңа технологиялармен жабдықталған. Мықты міндеттеме, икемді мүмкіндіктер, жоғары стандарттар мен заманауи технологиялар дәрі-дәрмектің сапалы және тиімді өндірілуіне кепілдік береді..
25 қаптама желісі
> 60 өндіріс нысаны
Жалпы алғанда, үш өндіріс орнында 350-ден астам қызметкер жыл сайын 335 миллион қаптамадан астам дайын дәрі-дәрмектерді шығарады, олар кейіннен әлемнің көптеген бөліктерінде ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Осылайша БЕРЛИН-ХЕМИ МЕНАРИНИ Груп компаниясында ең ірі өндірістік мүмкіндіктерін мақтан тұта алады.