МЕНАРИНИ Груп
Жетекші
итальяндық фармацевтикалық компания
Бас кеңсесі Флоренцияда орналасқан МЕНАРИНИ Груп — жетекші итальяндық фармацевтикалық компания. Ол әлемнің 130-дан астам елінде жұмыс істейді. 125 жылдан астам тарихы бар компания халықаралық деңгейде танылған сапаға кепілдік береді.
Менарини Груп компаниясының барлығы 17000-нан астам қызметкері күнделікті денсаулықтың инновациялық шешімдерін ұсыну және адамдардың өмірін жақсарту үшін жұмыс істеуде. Топтың жыл сайынғы әлемдік айналымы 3,6 млрд. евроны құрайды.
> 17,000 қызметкер
> 130 ел
€ 3.6 млрд. сатылым
Қаржылық нәтижелер зерттеулер, инновациялар және халықаралық бақылауды орнату негізінде тиімді стратегия, сонымен қатар дәрігерлердің де, емделушілердің де талаптарын тең тұрғыда тану және қанағаттандыру қабілетінің дәлелі болып табылады.
МЕНАРИНИ философиясының негізгі күштерінің бірі — халықаралық серіктестермен ынтымақтастығы: Мақсаты денсаулық сақтау саласындағы инновациялық шешімдерге, фармацевтика өнімдері мен қызметтерге әкелетін ұйымдастырылған әрекеттерді дамыту.
МЕНАРИНИ компаниясында сапаның жоғары деңгейі жалпы корпоративтік стратегияның негізін құрайды. Барлық корпоративті құрылымдар дәрі-дәрмектерді өндірудің әртүрлі деңгейлеріне қатыстырылады, әр кезеңдегі зерттеуден бастап өндіріске дейін, сатудан бастап ғылыми ақпараттарға дейін сапаны қамтамасыз ету үшін бірегей жұмыс істеу ұсыныстары жасалған тиімді жүйе. Біз мұның барлығын озық болу сияқты бір мақсатпен жүзеге асырамыз.
Бүкіл әлем бойынша бұл топта жыл сайын 585 миллионнан астам дәрі шығаратын жеті ғылыми орталық пен 16 өндіріс алаңы жұмыс істейді.
Топтың өсуі оның айналымы мен жұмыс күші тұрғысынан тұрақтылығын сақтайды және ғылыми зерттеулер мен дамуға, халықаралық бақылауды орнатуға негізделген корпоративтік стратегияның нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар бұл ойлау тәсілі БЕРЛИН-ХЕМИ компаниясы үшін тиімді, ол осы стратегияны өзінің жауапкершілік саласында алға қарай тұрақты және сәтті жүзеге асырады.